Ресейге сапарынан кейін Тоқаев Өзбекстанға барды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің кездесуі / фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайында оны Құрмет қарауылы сап түзеп, қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.

Ташкенттегі «Шығыс» әуежайында / фото: Ақорда
Ташкенттегі «Шығыс» әуежайындағы Құрметті қарауыл / фото: Ақорда

Екі президенттің ресми кездесуінен кейін әнұрандар шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан соң президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

фото: Ақорда

Одан әрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.

Осыдан екі күн бұрын Тоқаев мемлекеттік сапармен Ресейде болған еді. Путинмен жүздесіп, келесі жылы оны Қазақстанға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз