«Рингке оралады». Геннадий Головкин жаңа мақсаты туралы мәлімдеме жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымын көздеп отыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымын көздеп отыр / фото: KursivMedia мұрағаты

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне кандидат болуға ниетті екенін жария етті.

Francsjeux.com сайтына ақпаратынша, Геннадий Головкин рингке қайта оралады.

«Бұл жолы оның мақсаты – медаль емес, World Boxing президенті лауазымы», – деп жазады басылым.

«Бокс Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупінде болды. Ал мен бұған қарап үнсіз тұра алмадым», – дейді қазақстандық аңыз боксшы.

Айтуынша, ол әлемдік боксқа үлес қосқысы келеді. Президент болуға үміті бар екенін айтты.

«Біріншіден, спортшыларды тыңдай білуіміз және қорғауымыз керек. Екіншіден – федерация жұмысының ашықтығы. Біздің мақсат – боксты келесі Олимпиада ойындарына дейін күшейту. Инновациялар жауапты әрі прогрессивті болуы тиіс. Ең бастысы, адамды қорғауы керек. Технологиялар спортшыларға және әділдікке қызмет етуі тиіс, адамдарды алмастыру үшін емес», – дейді ол.

Мұның алдында Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз