Банк пен қаржы

Тимур Турлов: Цифрлы қаржы активтері – түрі өзгерсе де, мәні сол күйінде қалады

Тимур Турлов / фото: Freedom Holding Corp.

XIII Қаржыгерлер конгресінде Freedom Holding корпорациясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов цифрлы қаржы құралдарының болашағы туралы ойын ортаға салды. Кәсіпкер банк саласындағы инновацияларды «қаржы қатынастарының мәнін өзгертпейтін, бірақ тиімділігін арттыратын құрал» деп бағалады.

Активтердің түрі емес, мәні маңызды

Турловтың пікірінше, цифрлы активтер – дәстүрлі қаржы құралдарының жаңа түрі ғана.

«Қағазда жазсаңыз да, орталық реестрде сақтасаңыз да, блокчейнде тіркесеңіз де – мәні өзгермейді», – деді ол.

Турлов ең үлкен қауіп ретінде қадағалаушы арбитражды атады. Кәсіпкер түпті мәні бір активті қадағалау деңгейі де әртүрлі болмауы тиіс деп отыр.

«Олардың бірі күрделі, ал екіншісі жеңіл болса – өндіріс жеңіліне қарай ауысуға тырысады», – деп ескертті ол.

Турлов цифрлы активтерге қарсы емес, бірақ қадағалау дұрыс жүзеге асырылуы қажет деп есептейді.

«Классикалық жүйе де шектеусіз транзакцияларды тез жүзеге асыра алады. Мәселе технологияда емес, оны дұрыс реттей білуде», – деді ол.

Заң және жаңа өнім

Freedom Holding Corp цифрлы активтерді өз платформасына енгізуге дайын:

  • Қолжетімді: клиенттерге таныс интерфейсте (цифрлы банк) ұсыну.
  • Қауіпсіз: реттеу нормаларын сақтай отырып, сенімді өнім жасау.
  • Пайда: транзакция шығынын төмендіп, инклюзивті арттыру.

«Заңнама пісіп келе жатқанына қуаныштымын. Енді нарықта заңды, сенімді ойын ережелері пайда болады», – деді Турлов.

Қазақстандағы банктер мен банк қызметін реттеуге арналған заң жобасы парламентте қызу талқыланып жатыр. Мәжіліс қарашаның басында жобаны бірінші оқылымда талқылады.

Қаржыгерлер конгресіне қатысып жатқан сарапшылар құжат жақында қабылданып, 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енуі мүмкін деп болжайды. Құжат стейблкоин, токен секілді цифрлы қаржы активтері айналымын реттеуді де көздейді.

Осының алдында,Алматыда өтіп жатқан ірі форумда, Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов экономика өскенімен, инфляция неге төмендемей тұрғанын түсіндірген.

Қарашаның басында Freedom Holding пен америкалық Nvidia жасанды интеллект орталығын құратыны мәлім болды.