Сәтбаев, Анарбеков және Қалмырза танымал шоколад брендінің елшісі атанды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дастан Сәтбаев Қайрат футбол клубы футболшы
фото: REUTERS/Claudia Greco

«Қайрат» футбол клубының үш ойыншысы – Дастан Сәтбаев, Темірлан Анарбеков және Шерхан Қалмырза Snickers брендінің ресми амбассадоры атанды. Бұл туралы алматылық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Чемпиондар лигасында ойнап жүрген «Қайрат» клубы мен әлемге танымал бренд «Қазақстанда футболды қолдау және насихаттау стратегиясы аясында серіктестік келісіміне қол қойды». Бұған қоса, жуырды осы серіктестікке қатысты елеулі оқиға болатыны айтылды.

«Қайрат» футбол клубының ойыншыларымен бірлескен үлкен акция ұсынылады. Бұл бренд пен клуб жүзеге асыратын жобалар сериясының бастамасы болмақ», – деп таратты алматылық команда.

Тараптар осы серіктестік отандық футболдың дамуына, спорттың жастар өміріндегі рөлін нығайтуға септігін тигізетініне сенімді.

Бұған дейін «Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасының топтағы жарысындағы алғашқы ойынын Қазақстан туы жапсырылған жейдемен өткізгені мәлім.

Жақында ғана кәсіпкер Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубын қалай сатып алғаны туралы айтып берген.

Қазақстандағы ең қымбат футболшы Дастан Сәтбаев бұған дейін де танымал болса, қос қақпашы Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза ЧЛ ойындары барысында жұлдыз атанды.

Сондай-ақ оқыңыз