Дастан Сәтбаев ұлттық құрама сапында алғашқы голын соқты (видео)
Жарияланды

2025 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі маңызды ойында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен кездесіп, матчтың алғашқы минуттарынан-ақ жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.
Кездесудің 9-шы минутында ұлттық құрама ойыншысы Дастан Сәтбаев дәлдік танытып, өз карьерасындағы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлтты құраманың бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген Дастан Сәтбаевты әлемге әйгілі Роналдуға теңеген еді.