Жаңалықтар

Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Петропавлдың екі тұрғыны сепаратизм үшін түрмеге қамалды
Күдікті ұсталды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Целиноград ауданында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам көп өтпей бір тәуліктен аз уақытта ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тергеу мәліметінше, қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалауға тырысқан, алайда жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түскен. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеудің барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында», –  делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында 14 жастағы қызды пышақтаған күдіктіні іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын жазғанбыз.