Жаңалықтар

Ақмола облысында 14 жастағы қызды пышақтап өлтірді

Фото: shutterstock, бильд-редактор Артур Алескеров

Облыстық полиция департаменті оқиғаның Целиноград ауданы Ынтымақ ауылында болғанын хабарлайды. Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қанды оқиғаның болғанын Kursiv.media тілшісіне Ақмола облыстық полиция департаменті растады. Күдіктінің жеке басы дереу анықталған. Қазір оны тез арада ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Jқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция.

Полиция департементі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға шақырады.