Жаңалықтар

Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған картиналар көрмесі ашылды

Димаш Құдайбероген / Фото: dimashnews.com

Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» атты картиналар көрмесі ашылды. Экспозиция 12–17 қараша аралығында, яғни әншінің Еуропадағы концерттерімен тұспа-тұс ұйымдастырылған.

Экспозиция қойылған Erster Erster галереясы 14 қарашада «Stranger» шоуы өтетін Max-Schmeling-Halle аренасының маңында орналасқан.

Көрменің авторы – суретші Punktgeläut. Экспозицияда Димаштың шығармашылық жолындағы әртүрлі сәттерден шабыт алған майлы бояумен салынған картиналар мен қарындаш портреттер қойылған. Оның жанкүйерлеріне жақсы таныс сәттері мен жағымды эмоциялары өткен шақтағы естеліктерге жетелейді.

Фото: dimashnews.com

Димаштан бөлек, көрмеде Раушан Құдайберген мен Расул Усмановтың атмосфералық портреттері де бар. Олар экспозицияға отбасылық және шығармашылық тұрғыдан ерекше реңк береді.

«Димаш Құдайбергеннің дауысы жанрлардан, стильдерден және шекаралардан асып түседі. Әншінің 14 қарашада өтетін Берлиндегі алғашқы концерті құрметіне көрмеде осы керемет музыканттың шағын портреттер топтамасы көрсетіледі. Бұл бейнелер Димаштың музыка аясынан да кең әсерін көрсетеді. Ол әлемдік турларымен қатар, өз дауысын әлеуметтік мәселелерге арнайды: ол – бейбітшілік пен білімнің қорғаушысы, жас музыкалық таланттарды қолдаушы және өз елін – Қазақстанды танытып жүрген жан», – дейді көрме авторы Punktgeläut.

В Берлине открылась выставка картин, посвященная Димашу Кудайбергену
Фото: dimashnews.com

Көрмеге кіру тегін. Ал сатылған туындылардың бір бөлігін суретші «Сәби» қайырымдылық қорының білім және экология саласындағы жобаларын қолдауға аударады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондондағы концерті аяқталған соң, еуропалық тур аясында Берлинге келген. Әншіні Берлин-Бранденбург әуежайында жанкүйерлері ыстық ықыласпен, гүл шоқтарымен қарсы алған.