Қазақстанда Қырғызстанның жаңа елшісі тағайындалды

Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дүйшекеев Қазақстанда төрт жыл жұмыс істегеннен кейін отставкаға кетті.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров Дастан Дүйшекееевті дипломатиялық қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Жаңа елші болып Құдайберген Базарбаев тағайындалды. Бұл туралы ақпарат Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланды.
Құдайберген Базарбаевқа 13 қарашада 67 жас толды. Бұған дейін ол Қырғызстан министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры қызметін атқарған.
Дастан Дүйшекеев 2021 жылдың 9 тамызынан бері Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған.