Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең түсті
Футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті ойында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгия ұлттық құрамасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті.
Ойынның алғашқы минуттарынан бастап қонақтар допқа көбірек иелік етті. Соған қарамастан, матчтың 9-минутында Қазақстан құрамасы жылдам шабуылдың арқасында Дастан Сәтбаев есеп ашып, жанкүйерлерін қуантты.
Екінші таймда Бельгия қысымды күшейтіп, 48-минутта таразы басын теңестірді. Қонақтар шабуылды үдете түссе де, Қазақстан қорғанысы мен қақпашы Темірлан Анарбеков берік болып, қақпаны қорғай алды.
Кездесуде Бельгия тартысты ойын көрсетіп, соққы жағынан басым түсті.
Матч соңына қарай алаң иелерінің бір ойыншысы қызыл қағаз алып, команда он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, соңғы минуттарда қорғаныс сенімді өнер көрсетіп, есеп өзгеріссіз қалды.