Астанада жоғалып кеткен 5 жастағы бала табылды
Жарияланды

Әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған.
Polisia ақпаратына қарағанда, өз бетімен іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген.
Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады. Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты.
Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.
Мұның алдында Павлодар облысында жоғалған аңшыны дрон көмегімен іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік.