Музыка тыңдау деменцияға шалдығу қаупін 39% төмендетуі мүмкін – зерттеу

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Музыка тыңдау деменцияға шалдығу қаупін 39% төмендетуі мүмкін. Австралияның Монаш университетінің зерттеушілері осындай қорытындыға келген.

Униан ақпаратына қарағанда, шамамен он жыл бойы 70 жастан асқан 10 000-нан астам ересек адамды қамтыған зерттеу нәтижесі бойынша, үнемі музыка тыңдайтын қарт адамдардың деменцияға шалдығу қаупі 39% төмен болған.

Музыканы жиі тыңдаған қатысушылар жад пен жалпы когнитивтік функцияларға қатысты тесттерде тұрақты түрде жақсы нәтижелер көрсеткен.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл жұмыс музыканың деменцияны тікелей болдырмайтынын дәлелдемесе де, екі құбылыс арасындағы байланыс өте күшті.

Бұдан бөлек, зерттеу музыкалық аспаптарда өз бетінше ойнау да айтарлықтай әсер беретінін, деменция қаупін шамамен 35% төмендететінін көрсетті.

Айта кететін жайт, Spotify чарттарындағы қазақша хиттерге шолу жасаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз