Мысырдағы демалыс қымбаттайды: билік виза құнын көтереді

Мысыр парламенті консулдық алымдарды арттыру жөніндегі түзетулерді қолдады. Қазіргі виза құны 25 доллар болады.
Orda ақпаратына қарағанда, заң толық мақұлданса, бұл сомаға қосымша 20 долларлық жаңа алым қосылады. Яғни кіру құжаты 45 доллар болмақ.
Мысырдың туристік палаталар федерациясы премьер-министр Мустафа Мадбули мен туризм және ежелгі ескерткіштер министрі Шериф Фатхиге түзетулерді қабылдауды тоқтатуға шақырды.
Бұл шара қазақстандықтарға жартылай ғана әсер етеді. Өйткені Шарм-эш-Шейхке кіру үшін виза қажет емес. Бұл үшін Синай түбегінде 15 күннен артық уақыт тұрмау қажет. Ал Каир мен Луксорды аралау үшін рұқсат беретін құжаттар міндетті.
Мұның алдында қазақстандықтарға Мысырға және басқа да бірқатар елдерге кіру тәртібі өзгергені туралы хабарлаған едік.