Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірнеше құжатқа қол қойды

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.
Ақорданың мәліметінше, онда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі бар.
Сонымен қатар Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім шығарылды.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды:
Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.
Мұның алдында Тоқаев пен Мирзиёев қандай келісімге келгені туралы жазған едік.