Шавкат Рахмонов жаңа чемпион атанған Ислам Махачевке қыр көрсетті

Ислам Махачев UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы болды. Шавкат Рахмонов оған қыр көрсетті.
Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, Ислам Махачев (28-1) австралиялық Джек Делла Маддаленадан (18-3) титулды тартып алып, UFC тарихындағы Ресейден шыққан алғашқы қос чемпион атанды.
Қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімі – 50:45, 50:45, 50:45.
Джек Делла Маддалена үшін бұл – титулды алғашқы қорғауы. UFC-дегі 8 жеңістен кейінгі алғашқы жеңілісі.
Ислам Махачевтың ендігі қарсыласы Камару Усман немесе Илия Топурия болуы ықтиммал.
Шавкат Рахмонов жаңа чемпионға өзін ұмытпауға шақырды.
«Исламды құттықтаймын, тамаша өнер көрсетті. Бірақ жартылай орта салмақтағы нағыз сынақ – әлі де менмін!» – деді ол.
Мұның алдында Шавкат Рахмоновтың «Барыс» орденімен марапатталғаны туралы хабарлаған едік.