Жаңалықтар

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы екі адамның өлімі: полиция екі күдіктіні ұстады

Тергеушілер күдіктілердің заңсыз әрекеттерін дәлелдеу үшін үлкен жұмыс пен сараптамалар жүргізген / фото: KursivMedia мұрағаты
Тергеушілер күдіктілердің заңсыз әрекеттерін дәлелдеу үшін үлкен жұмыс пен сараптамалар жүргізген / фото: KursivMedia мұрағаты

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы тамыз айында екі кісінің өлімі болған еді. Полиция екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Orda ақпаратына қарағанда, қосалқы мердігер компанияның екі қызметкерінің қаза болған. Ұсталған күдіктілер – қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуына жол берген адамдар. Олардың бірі – мұнай өңдеу зауытындағы учаске бастығы.

Шымкент ПД-де тергеу адамдардың өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша жүріп жатқанын хабарлады.

«Тергеушілер күдіктілердің заңсыз әрекеттерін дәлелдеу үшін үлкен жұмыс пен сараптамалар жүргізді. Тергеу жалғасуда», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 26 тамызда болды. Шымкент МӨЗ аумағында оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш аударылып қалды. «КРС Астана» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері қаза тапты. Зауыт басшылығы олардың отбасыларына көңіл айтты.