
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы әскери іс-қимыл жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Мақсат – аймақтағы АҚШ-тың күшейіп келе жатқан әскери қуатын көрсету.
CNN-ге төрт дереккөздің хабарлауынша, осы аптада ресми тұлғалар Трампты Венесуэлада әскери операция жүргізу нұсқалары туралы хабардар еткен. Трамп президент Николас Мадуроны құлату мақсатында ауқымды кампанияны бастауға қатысты тәуекелдер мен артықшылықтарды таразылап отыр.
Сол арада АҚШ әскері аймаққа ондаған әскери кеме мен 15 000 әскери қызметкерді шоғырландырды. Бұл Пентагон «Оңтүстік найза» деп атаған операция аясында жүзеге асырылуда.
Жұма күні президент заңсыз мигранттар мен есірткі тасымалын азайтуға бағытталған әрекеттерінде, сондай-ақ режимнің ауысу мүмкіндігіне байланысты ілгерілеуге жақындап қалғанын аңғартты.
«Мен шешім қабылдадым. Иә. Яғни, сізге оның қандай шешім екенін айта алмаймын. Бірақ мен оны қабылдадым», — деді Трамп журналистерге Air Force One бортында.
Айта кететін жайт, Трамп қымбатшылықтан кейін бірқатар өнімге салынған кедендік бажды жойды.