Жаңалықтар

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі өлім жазасына кесілді

Шейх Хасина былтыр билікке қарсы наразылықты аса қаталдықпен басқан / фото: shutterstock
Шейх Хасина былтыр билікке қарсы наразылықты аса қаталдықпен басқан / фото: shutterstock

Бангладеш соты бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны өлім жазасына кескенін хабарлады.

RBC мәліметіне сәйкес, Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина былтыр билікке қарсы наразылықты аса қаталдықпен басқан. Сондықтан адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін қашықтан өлім жазасына кесілген. Бұл шешімді Дакка қаласындағы арнайы трибунал қабылдады.

«Айыпталған премьер-министр адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған. Дрондар, тікұшақтар және өлімге әкелетін қаруларды қолдануға бұйрық берген», – деді судья Голам Мортуза Мозумдер.

Хасина 2024 жылдың тамызында биліктен тайдырылды. Содан кейін ел қашып, Үндістанды паналаған. Үндістан билігі саясаткерді сотқа беру үшін экстрадициялаудан бас тартқан.

Ол барлық айыптауларды жоққа шығарып, трибуналды «саяси астары бар фарс» деп атады.

 «Олар кез келген үкім шығара берсін. Маған бұл маңызды емес. Алла маған осы өмірді берді. Тек Ол ғана бәріне нүкте қоя алады. Мен әлі де өз халқыма қызмет етемін», – деген еді ол сот отырысына дейінгі мәлімдемесінде.

Айта кететін жайт, Mastercard экономикалық институтының Travel Trends 2025 есебіне сәйкес, туристерді ең жиі алдайтын қалалар қатарына Бангладештің Дакка қаласы да бар.