БҚО тас жолында сегіз адам қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
полиция
БҚО тас жолында сегіз адам қаза тапты / фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы «Шапай – Жаңақала – Сайқын» автожолының 50 шақырымындағы жол көлік апаты кезінде сегіз адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды.

«17 қарашада облыстық маңызы бар Шапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50-ші шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan автомобильдерінің соқтығысып, содан кейін автомобильдердің бірі өртенді. Оқиға салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушілердің бірі келе жатқан қарсы жолаққа шықты деген болжам жасалған.

«Қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеді. ЖКО-ның барлық мән-жайлары мұқият зерттеліп, тергеу шеңберінде анықталатын болады. Полиция жүргізушілерге жүгінеді: жол ережелерін қатаң сақтаңыз. Кез келген бұзушылық, әсіресе адамдарды тасымалдау кезінде, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді», – деп атап өтті полиция.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында 7 адам қайтыс болған жол апатына кінәлі деп танылған азамат 5 жылға сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз