Lifestyle

ChatGPT енді ұзын сызықшаны қолданбайтын болады

Переписка с ChatGPT станет доказательством в суде
фото: ашық дереккөзден

ChatGPT енді пайдаланушылардың сұрауы бойынша ұзын сызықшаны қолданбауы мүмкін. Бұл жайлы OpenAI бас директоры Сэм Альтман Х әлеуметтік желісінде жазды. Енді чат-бот егер пайдаланушы өтінсе, бұл тыныс белгісінен аулақ болады.

«Шағын, бірақ қуанышты жеңіс: егер сіз нұсқаулықта ChatGPT-ге ұзын сызықша қолданбауды айтсаңыз, ол ақыры соны орындайды!» – делінген Альтманның хабарламасында.

ЖИ материал аударғанда, ақпараттар дайындағанда ұзын сызықшаны қолданатын. Чат-бот көркем әдебиетте жиі кездесетін мәтіндерге үйреніп, осы тыныс белгісін жиі ұсынады. Сондықтан кейбіреулер бұл тыныс белгісінің көрінуін мәтінді жасанды интеллект жазғанының белгісі деп есептейді.

Компания уақыт өте келе ЖИ-дің жұмысын жетілдіріп, чат-ботты жасөспірімдердің пайдалануына шектеу қойған еді. 18-ге толмаған қолданушыларға суицид тәрізді кейбір қауіпті тақырыптарға ақпарат шықпайды, мәтіндер жазылмайды.

Ал келесі жылдан бастап ChatGPT-мен төлем жасауға да болады.