Lifestyle

Елдос «Колобок» ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды

фото: instagram

Танымал блогер Елдос «Колобок» жақында дүниеге келген ұлына ерекше әрі мәнді есім бергенін жариялады.

Елдостың айтуынша, сәби 2025 жылдың 12 қарашасы күні, таңғы 08:29-да жарық дүние есігін ашқан. Жаңа туған нәрестеге Әлем деген есім берілді.

Ата-анасы есімнің мағынасын да түсіндірді. «Әлем» – шексіздік пен кеңдіктің, еркіндік пен мүмкіндіктің символы.

Балам, әлемге қош келдің! Әлемді аралап, оны бағындырып, жақсы істеріңмен елге танылуыңды тілейміз. Саған бізді танитын бүкіл әлем тілеулес болды. Сол себепті есіміңді Әлем Елдосұлы деп қойдық, – деп жазды блогер.

Айта кетейік, Елдос пен жұбайы Таңшолпан бұл қуанышты 10 жылдан астам уақыт бойы күткен.