
Ақмола облысы Целиноград ауданы Ынтымақ ауылында 14 жастағы пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы 15 қарашада хабарланды.
Полиция күдіктінің Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталғанын хабарлады. Сондай-ақ ер адамды ұстаған сәттің видеосын жариялады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Құқық қорғау органдары күдікті заң талабына сәйкес қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.