Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталатын болды

АЭС-ке атау беру конкурсына 27 мыңнан аса адам қатысқан/фото: shutterstock

Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталатын болды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.

«Азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді», – делінген ақпаратта.

АЭС-ке атау беру конкурсына 27 мыңнан аса адам қатысқан. Байқау 2025 жылдың 25 қыркүйегі eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған. «Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынған.

Осылайша орыс және ағылшын тілінде «Атомная электростанция «Балхаш» және «Balkhash Nuclear Power Plant» деп аталады.  

Қазақстанда АЭС салынады

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының нақты қашан басталатыны белгісіз. Сәтқалиевтің сөзінше, құрылысқа дайындыққа үш жыл кетуі мүмкін. Құрылыс 10-12 жылға созылуы мүмкін. Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында инженерлік ізденіс жұмысы жүріп жатыр

Ал  АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады деп жоспарланған.