Алтай Көлгінов қазіргі қызметі туралы айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі қызметін атқарып отыр/фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов қазіргі қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KursivMedia-ның орыс тіліндегі редакциясы жазды.

Ол қазір Қазақстанның Эстониядағы елшісі. Көлгінов қызметін «саяси жер аудару» деп санамайтынын, елші болу халықаралық деңгейдегі жауапты жұмыс екенін айтқан.

Сондай-ақ мемлекет сенім артып отырғанына мақтанатынын жеткізді.

Ал Астанадағы жұмысына қатысты сынға Көлгінов шағым бұрын да болғанын және бола беретінін, елорданың дамуын президенттің өзі жіті қадағалайтынын айтқан.

Айта кетейік, Көлгінов 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі болды, кейін үш жыл Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін Астананы басқарды. 

2024 жылдың наурызында Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз