Лабубу туралы фильм түсірмекші

Жарияланды 17 Қараша 2025 11:02

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: ашық дереккөзден

Әлемге әйгілі лабубу ойыншықтары туралы фильм түсіріледі. Sony Pictures қытайлық қуыршақтар жайлы картина шығару құқығын сатып алды. Егер дебют сәтті өтсе, франшизаның жалғасы да болады деп жазады The Hollywood Reporter.

Әзірге тек идея ғана. Әлі режиссер мен продюссер бекітілген жоқ, қандай жанрда болатыны да белгісіз. Sony Pictures ресми пікір білдірген жоқ.

Бұл ойыншықтарды 2010 жылы Гонгонктағы Касинг Лунг есімді суретші иллюстратор ойлап тапқан.  Сүйкімді құбыжықтар биыл ерекше танымал болып, адамдар оны сатып алу үшін кезекке тұрды.

Бейжіңдегі аукционда осы ойыншықтың адам бойындай мүсіні 150 мың долларға сатылды.

Лабубу әлемдегі ең танымал брендтің біріне айналып, иесіне миллиард доллар табыс әкелді.

Сондай-ақ оқыңыз