Мемлекеттік бақылауға жататын 100 мың препараттың саудасы шектелді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Бүйрек, жүрек аурулары мен қант диабетіне қарсы инновациялық препарат өндірілмек /фото: shutterstock
Мемлекеттік бақылауға жататын 100 мың препараттың саудасы шектелді /фото: shutterstock

Жыл басынан бері Қазақстанда 1,2 мыңнан астам медициналық мекеме мен дәріханалар тексерілді. Сондай-ақ, мемлекеттік бақылауға жататын 100 мыңнан астам препараттардың айналымы шектелді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

«Құрамында есірткі құралдары, сондай-ақ, күшті әсер ететін заттар бар дәрілердің заңды айналымын бақылау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап «Дәрмек» бағдарламасының үш кезеңі өткізілді. Оның шеңберінде медициналық ұйымдар мен жеке дәріханаларда мемлекеттік бақылауға жататын препараттарды сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қағидалардың сақталуы тұрғысынан кешенді тексеру жүргізілді. Тексеруге 1200 медициналық мекеме тартылды, жоғарыда аталған 100 мыңнан астам препараттың айналымы шектелді», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.

ІІМ деректері бойынша 1 мыңнан астам материал жиналып, әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін денсаулық сақтау министрлігінің Өңірлік медициналық-фармацевтикалық бақылау департаменттіне берілді. Салынған айыппұлдар сомасы 150 миллион теңгеден асты.

«2026 жылғы 1 қаңтарда «күшті әсер ететін заттардың» заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Мұндай заттардың тізбесі Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген. Қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз. Оларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді Әмірханов.

Сондай-ақ оқыңыз