Lifestyle

Miss Universe 2025: қазақ аруы ішкиім шоуында үздік 5-тікке енді (видео)

фото: instagram

Miss Universe 2025 халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан қатысып жатқан Дана Алмасова шомылуға арналған киімдер дефилесінде (Swimsuit Fashion Show) 5-орынға ие болды. Бұл кезеңге әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан арулар арасынан үздік бестік төмендегідей анықталды:

Swimsuit Fashion Show — TOP 5:

1. Пуэрто-Рико
2. Бразилия
3. Қытай
4. Тайланд
5. Қазақстан

Crown International PH жариялаған бұл рейтинг әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қазақстандық арудың жоғары көрсеткіші көпшіліктің назарын аудартты.

Дана Алмасова өз кәсібилігімен, жарқын бейнесімен және сахнадағы сенімді жүрісімен ерекшеленіп, жанкүйерлердің ыстық қолдауына ие болды.

Дауыс беру жалғасып жатыр

Қазақстандық аруды қолдау үшін байқаудың ресми Miss Universe мобильді қосымшасы арқылы дауыс беруге болады. Дауыс беру 19 қарашаға дейін жалғасады. Қалай дауыс беруге болатынын бұған дейін жазған едік.