
Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус НАТО мен Ресей арасында 2029 жылға дейін соғыс басталуы мүмкін екенін айтты.
Коммерсантъ басылымының ақпаратынша, Писториус бастапқы болжамға сүйене отырып, қарулы қақтығыс 2029 жылы болуы ықтимал екенін алған тартқан. Алайда қазір кейбір әскери қақтығыс сарапшылар 2028 жылы да болуы мүмкін деп отыр.
«Кейбір әскери тарихшылар біз соңғы бейбіт жазды өткердік деп есептейді», – деді Борис Писториус Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымына берген сұхбатында.
Министрдің пікірінше, Ресеймен ықтимал соғысқа дайындалу үшін НАТО-ны күшейту қажет. Альянстың тежеу қабілеті жоғары. Оның ішінде ядролық қаруы да бар. Бірақ қарулы күштерді одан әрі жабдықтау керек.
Сонымен бірге, қорғаныс министрі «НАТО өзін қорғауға қабілетсіз» деген пікір қалыптастыруға болмайтынын атап өтті.
Жаздың басында НАТО-ға мүше елдердің дені 2035 жылға қарай қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5%-ына дейін ұлғайтуға міндеттеме алды. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп талап еткен еді.
Мұның алдында Германияның Федералдық барлау қызметінің (BND) басшысы Мартин Йегер Ресей Еуропа шекараларының «мығымдығын тексеруге» әзір екенін мәлімдеген еді.