Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келеді

Армения gремьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, сапар 20-21 қарашаға жоспарланған. Осы күндері екі ел делегацияларының келіссөздері өтеді. Сапар барысында Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылау жоспарлануда.
Кездесулер аясында тараптар түрлі салалардағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың қазіргі бағыттарын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға ниетті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Армениямен көші-қон ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойғаны туралы жазған едік. Құжат екі елдің азаматтарына бір-бірінің аумағына визасыз 90 күнге дейін келуге және болуға мүмкіндік береді.