Жаңалықтар

Қаржының аздығынан 11 әкімдік туризм басқармасын аша алмай отыр

Бектенов раскритиковал Фонд медстрахования за затяжные реформы
Фото: kursiv.media архиві

Қазақстаның 9 облысында туризм басқармасы дербес болғанымен, қалған әкімдіктерде бұл сала басқа басқармалармен біріктірілген.

Бұған дейін Мәжілістегі депутаттары туризм басқармаларын барлық облыста ашуды талап еткен. Алайда оларға жауап берген Үкімет басшысы Олжас Бектенов кейбір облыста ондай басқарманы ашу мүмкін емес екенін ашық айтқан.

«Қазақстанның 9 өңірінде дербес туризм басқармалары (Абай, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Алматы қаласы) жұмыс істейді, 11 өңірде туризм саласындағы функциялар басқа басқармаларға (индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, дене шынықтыру және спорт басқармалары) жүктелген. Қаржылық мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, 11 әкімдікте дербес басқарма құру бүгінгі күні мүмкін емес», – деп жауап берген Бектенов.

Үкімет басшысы келтірген мәліметке сүйенсек, осы жылдың 10 айында ішкі туристер саны шамамен 4 млн адамды құраған (500 мың адамға өсім бар). Түрлі туристік мақсаттармен Қазақстанға 8 млн шетелдік қонақ келген. Қонақүйлерді, демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 151 млрд теңгені құраған.

Ерболат Саурықов бастаған «Ауыл» партиясының бір топ депутаты ішкі туризм мәселесін көтеріп, туризм саласына жауап беретін жеке басқармалар көптеген облыста жоқтығына назар аударған.

Олардың айтуынша, туризм мәселелері кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының жүктеліп, екінші кезектегі бағыт ретінде қаралады. Аудандарда туризм бөлімдері мүлдем жоқ. Депутаттар мұны жүйелі түрдегі кемшілік деп атаған.