Қазақстан – Фарер аралдары матчына «Қайрат» ойыншылары қатыспайды

2025 жылғы 18 қарашада Хорватияның Пула қаласында өтетін Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы жолдастық ойынға Алматының «Қайрат» командасының ойыншылары қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Белгия құрамасымен өткен ойынан кейін мәлімдеді.
Анарбеков бүгін өзін барынша көрсетті. «Қайрат» ойыншылары жақсы ойнады. Дегенмен, олар әлі де Еурокубокта ойнап жатқандықтан, Фарер аралдарына қарсы матчқа алмағанды жөн көрдік. Оларға демалу мүмкіндігін беруді шештік. Сол себепті Темірлан мен Дастан үйлеріне қайтып, қалпына келуді жалғастырады, – деді Байсуфинов.
Осылайша, Хорватиядағы кездесуге Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтбаев, Еркін Тапалов пен Дамир Қасаболат ойнамайды.
Фарер аралдары құрамасы L тобында үшінші орын алды, бірақ 2026 жылғы Әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Соңғы ойында Хорватиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Матчтың тікелей эфирі 18 қарашада Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» футбол клубының ойыншылары: Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтбаев және Шерхан Қалмырза танымал шоколад брендінің елшісі атанған еді.