Қазақстан – Молдова жастар құрамасының ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: ҚФФ

Бүгін Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Молдова құрамасымен кездеседі. Қарсылас екі команда үшін де бұл ойын маңызды, себебі топтық кезеңдегі жағдайға тікелей әсер етеді.

Матч cағат 19:30-да «Астана Арена» стадионында өтеді. Билеттерді Freedom Ticketon cайтынан сатып алуға болады. Ал ойынды үйде отырып тамашалаймын деген жанкүйерлер матчтың трансляциясын Qazsport телеарнасынан көре алады.

Айта кетейік, ертең 18 қараша күні Қазақстан құрамасы Хорватияда Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойынға «Қайрат» футбол клубының ойыншылары қатыспайтынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз