
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеттерінде шамамен 9 мың жүк көлігі қаңтарылып кезек күтіп тұр. Мәліметті Коммерсантъ жариялады. Басылым автодилерлер арасында сауалнама ұйымдастырды.
Мәліметке қарағанда, ең күрделі жағдай қазақ-орыс шекарасында қалыптасқан. Дилерлер негізінен Қазақстан аумағын Қытайдан көлік тасу үшін транзит ретінде пайдаланады.
Ресей утилизация алымын есептеу әдісін өзгерткелі жатыр. Соған байланысты шетелден Ресейге автокөлік тасу көбейіп, шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Ол қарашаның аяғына дейін созылады деп болжанды. Өйткені Ресей үкіметі жаңа тәртіпті енгізу уақытын 1 желтоқсанға дейін ұзартты.
Тәуелсіз сервистік компанияның бас директоры Олег Черниковтың мәліметінше, Қазақстанмен арадағы шекара бекеттерінде шамамен 9 мың жүк көлігі түр. «Автодом» 2,5 мың деп бағалаған. Ал Fresh автомобиль маркетплейсінің өкілі Евгений Житнухин кезек өткен аймен салыстырғанда үш есе ұлғайғанын айтқан. Дилерлер әсіресе жеке тұлғаларды өткізу бекеттерінде кезек көп екенін атап өткен.
Қазақстан мен Ресей шекарасында 51 бақылау-өткізу бекеті бар. Олардың 20-ы темір жол, 30-ы автомобиль өткізу бекеті.