Тоқаев ЖИ туралы заңға қол қойды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
ЖИ туралы заң
ЖИ туралы заң

Тоқаев жасанды интеллект, цифрландыру және жеке деректерді қорғау саласын реттейтін заңға қол қойды. Құжаттағы түзетулердің бір бөлігі барлық заңдарды «Жасанды интеллект туралы» жаңа заңмен сәйкестендіруге қатысты. Ал екінші бөлігінде цифрлық саладағы өзге де процестерді жетілдіру туралы нормалар жазылған деп хабарлайды Ақордадан.

Заңда қандай өзгерістер бар?

Жаңа заңның басты жаңалықтарының бірі – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің Қазақстан аумағында айналымына рұқсат берілуі. Бұған дейін мұндай активтер тек АХҚО аумағында ғана заңды түрде айналысатын. Мұндағы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер нарық сұранысына қарай құны өзгеріп отыратын криптовалюта тәрізді экожүйелерді айтуға болады.

Сонымен қатар жеке деректерді қорғау талаптары күшейді:

  • Дербес деректерді өңдеуге берілетін келісім енді мақсатқа жету үшін қажетті мерзімнен аспауы керек.
  • Азамат кез келген уақытта өз келісімін кері қайтарып ала алады.

Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздік талаптары да күшейтілді, бұл цифрлық инфрақұрылымды қорғаныс тұрғысынан нығайтады.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Осы жылы тамызда Тоқаев ЖИ-ды дамытуға байланысты кеңес өткізіп, алдағы бес жылда цифрлық мемлекетке айналу керек деген міндет қойған.

Арнайы топ Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заң жобасын әзірлеуге кірісіп, осы жылдың соңына дейін қабылданады деген.

Қазақстандықтар арасында ЖИ-ге қатысты арнайы сауалнама жүргізілді. Оған сүйенсек, азаматтардың 37%-ы білім беру саласында жасанды интеллектті (ЖИ) қолдануды құп көрмеген.

Сондай-ақ оқыңыз