ҰҚК халықаралық есірткі саудасымен айналысқан 12 қазақстандықты ұстады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі саудасымен айналысқан халықаралық және аймақтық арналардың жұмысына тоқтатқанын хабарлады. Қылмыстық құрам ішінде Қазақстан азаматтары да бар.

«2025 жылдың қазанынан ҰҚК есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізді, нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жасырын зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды,» – делінген хабарламада.

Заңсыз айналымнан жалпы 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленген. Сот санкциясымен күдікке ілінген 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Еске салып өтейік қазіргі уақытта прокурорлар 9 млрд теңгеден астам күмәнді қаржы ағыны тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз