
Freedom Bank Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод орталығы тағайындаған «Жылдың Қайтарымы» номинациясында жеңіске жетті. Банк алаяқтық белгілері бар транзакциялар бойынша клиенттердің қаражатын қайтаруда үздік нәтиже көрсетті. Қаржы институты күмәнді операцияларды анықтау барысында жоғары кәсіби шеберлік пен жеделдік танытты.
Сыйлықты ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Central Asia Fintech Summit 2025 аясында салтанатты марапаттау рәсімінде табыс етті. Рейтингті жасау кезінде алаяқтық операцияларға қарсы банк бөлімшелерінің жұмыс көрсеткіштері ескерілді. Freedom Bank басқа қаржы институттары арасында ең жоғары нәтиже көрсетті.
Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі:
– Антифрод орталығының іске қосылуы өз тиімділігін көрсетті. Соның арқасында банктер ақпаратпен жылдам алмасып, күдікті операцияларды дер кезінде бұғаттай алады. Біз өз қауіпсіздік жүйелерімізді күшейтіп жатырмыз: алаяқтыққа қарсы құралдарды дамытып, машинамен оқыту модельдерін кеңінен қолданып, тәуекелдерді ерте анықтау үшін жасанды интеллект енгізудеміз. Осымен қатар, Freedom SuperApp-та клиент тарапындағы процестерді жақсартудамыз. Мысалы, қазір алаяқтық жөніндегі өтінімді тікелей қосымшада жіберуге болады, ал күдікті транзакцияларды растау сауалнама арқылы жүргізіледі. Барлық осы қадамдар клиенттердің қаражатын жылдамырақ қайтаруға мүмкіндік береді.
Жанар Самаева, ҚР Ұлттық Банкі Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма төрағасы ҚР ҰБ:
– Freedom Bank сақталған қаражатты қайтарудағы ең жоғары нәтиже үшін «Жылдың Қайтарымы» номинациясында лайықты жеңіске жетті. Бұл жетістік қаржы институтының сараптамасын, алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың кешенді стратегиясының тиімділігін, нәтижеге жеделдігі мен бағыттылығы, сондай-ақ клиенттер мен олардың қаржысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін топтың енгізіліп жатқан технологиялары мен кәсібилігін растайды.
ҚР ҰБ Антифрод-орталығы – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алаяқтық транзакциялармен күресу үшін іске қосқан жүйе. Оның негізгі міндеті – нақты уақыттағы алаяқтықты анықтау, бұғаттау және алдын алу үшін күдікті транзакциялар туралы деректерді жинау және талдау.
Freedom Bank – ипотеканы, автокредиттеуді және бизнеске арналған кредиттерді толығымен цифрландырған Қазақстанның инновациялық банкі. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің бөлігі болып табылады, Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.