«№37» фильмі: Еркебұлан Дайыров Жандос Айбасовтың еңбегін ерекше атап өтті

Жарияланды 18 Қараша 2025 12:37

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Белгілі актер Еркебұлан Дайыров Dope Soz жобасына берген сұхбатында жаңа «37» фильмі туралы ойымен бөлісті. Актердің айтуынша, бұл жобаға дейін олар шамамен екі жыл бойы «№37» қойылымын қойып жүрді.

Алайда спектакльді киноформатқа көшіру оңай болмаған. Дайыровтың сөзінше, кинода сырт көз байқамайтын көптеген күрделі тұстар бар. Сондықтан фильмнің режиссері Жандос Айбасовтың еңбегін ерекше атап өтті.

Басқалар ренжімесін, бірақ толық сценарийді өз қолымен жазып шыққан ол Жандос. Режиссерлік ойды кинода дәл жеткізу – бөлек дүниe. Бұйыртса, қазақ киносы тағы бір сауатты режиссермен толықты, – деді актер.

Еркебұлан Дайыров фильмнің негізгі айтар ойына тоқталды. Оның айтуынша, «37» көрерменге: «Барыңды уақытында бағалай біл«, деген маңызды ойды жеткізеді.

Айта кетейік, Жандос Айбасов бұған дейін актер әрі каскадер ретінде танылған, «№37» фильмі режиссер ретінде алғашқы туындысы болмақ. Фильм кинотеатрларда 20 қарашадан бастап көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз