Жаңалықтар

12 адамның қазасы: өрт шыққан үйдің фотосы жарияланды

Өрттен 12 адам қаза тапты/көрнекі фото: shutterstock

Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында өрт шыққан үйдің фото-видеосы жарияланды.

Фото-видеоны «Жетінші арна» жариялады.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі KursivMedia тілшісіне оқиға болған аумақтың қоршалғанын, фото-видео түсіруге рұқсат берілмегенін айтты. Сөзінше, оқиға орнында облыстың төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті мамандары жұмыс істеп жатыр.

12 адам қаза тапты

18 қараша таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден 12 адамның мәйіті табылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Түркістан облысы полициясы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, үйде екі отбасы мүшелері – ата-анасы мен балалары болған. Өрт шығып, шатыр опырылып түскен

Аман қалған үш адам – екі ересек және бір бала медициналық мекемелерге жеткізілді. Барлығы жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.