Жаңалықтар

Әлемдегі суперкомпьютерлер рейтингі шықты. Қазақстан нешінші орында?

Қазақстандағы суперкомпьютер
Әлемдегі суперкомпьютерлер рейтингі шығарылды / фото: ашық дереккөзден

Алғаш рет әлемдегі суперкомпьютерлер рейтингі жасалды. Тізімге қазақстандық суперкомпьютерлер де енген.

Есептеу машиналары ядролар саны, ең жоғары өлшенген өнімділік (PFlop/s), есептелген өнімділік (PFlop/s) және қуат тұтынуы деген санаттар бойынша бағалаған.

Алғашқы үштікте АҚШ-та құрастырылған «El Capitan», «Frontier» және «Aurora» деген суперкомпьютерлер тұр. Одан кейін Германия, Италия, Жапония және Ұлыбританияның суперкомпьютерлері бар.

Қазақстандағы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне тиесілі Alem.Cloud компьютері 86-орында.

Ал «Қазақтелекомның» Al-Farabium атты суперкомпьютері 103-орынға тұрақтады. Бұл құрылғы биыл жазда іске қосылған. Ол NVIDIA H200 чиптері негізінде жасалды.

Ал ЖИ министрлігі супермашинасын іске қосатынын көктемде хабарлады. Оны ЖИ моделін жаттықтырып, ЖИ негізінде өнім шығарған стартаптар пайдалана алады.