
Алматыда балаларға арналған «Жолбарыстың Ұлы Жібек жолындағы қызықты және тәлімді шытырман оқиғалары» атты сауаттылық кітабы таныстырылды. Шығарманы Freedom LIFE сақтандыру компаниясы мен ҚНРДА (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) бірлесіп әзірледі.
Кітаптың авторы – жазушы Аблимит Рахматулаев. Сюжетте басты кейіпкер, Жолбарыс есімді бала Ұлы Жібек жолы дәуіріне түсіп, онда адамдар арасындағы сауда, қаржы және сенімнің қалай пайда болғанын біледі. Оның шытырман оқиғалары арқылы балалар ақшаның не екенін және шығындарды қалай дұрыс жоспарлау керектігін түсінуі керек.
Басылым қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Барлық таралымды білім беру мақсатында тегін тарату жоспарлануда. Бұл, әсіресе, көптеген ересек адамдар ойластырылмаған шығындарға байланысты несиеге түсетін Қазақстан үшін өте маңызды. Мұндай кітаптар жас ұрпаққа бала кезінен бастап ақшаны жауапкершілікпен ұстауға көмектеседі.
Автордың айтуынша, «Жолбарыстың шытырман оқиғаларын» жасау кезінде ол балаларға қаржы тек құрғақ есеп емес екенін көрсетуге тырысты.

«Мен балалардың бұл шығармадан тек шытырман оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар, қарапайым өмірлік сабақ — еңбек, сенім және еңбекті бағалай білу туралы ұғынғанын қалаймын. Мен төрт ұл мен бір қыздың әкесімін және олардың бала кезден қаржылық сауаттылық — бұл жоспарлау, шешім қабылдау және өз болашағын құру қабілеті екенін түсінуі өте маңызды», — деді Рахматулаев.
Freedom Life ӨСК басқарма төрағасы Азамат Ердесов айтып өткендей,
2019 жылдан бастап бүкіл ел бойынша 11 мыңнан астам оқушы қаржылық сауаттылық бойынша тегін оқыды.
2024 жылы Freedom Life қазақ тілінде «Жасыл сандыққа» финграммалық ертегілер жинағын шығарды.