Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі / Фото: Instagram/rustemova_aliya

Астана әкімдігі қызметі кезінде қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Қалдарханқызының отбасына материалдық көмек көрсетеді.

Қала әкімдігі қайтыс болған фельдшердің туыстарына көңіл айтып, отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Материалдық көмек төленеді, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды өтейді және сақтандыру төлемін белгіленген тәртіппен рәсімдейді.

«Қаза тапқан жанның отбасына материалдық көмекті қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты шығындарды жабу жоспарлануда. Сондай-ақ белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемі көзделетін болады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 8 қараша күні Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлап, жалпы 5 адам жарақат алған. Екі фельдшер ауыр жағдайда ауруханаға түскен.  18 қарашада Ұлдан Қалдырханқызының қайтыс болғаны белгілі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен марқұм «Ерлігі үшін» медалімен марапатталуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз