Атыраудағы тойда 7 млн теңге тұратын пышақ сыйға тартылды

Жарияланды 18 Қараша 2025 15:52

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: ойыннан скрин

Атыраудағы тойда күйеу жігіттің достары Counter-Strike 2 ойынындағы сирек кездесетін виртуалды Butterfly Knife Doppler пышағын сыйға тартты.

Бұл виртуалды заттың сандық нарықтағы бағасы шамамен 7 млн теңгеге бағаланады. Дәстүр бойынша «пышақ сыйлауға болмайды» деген сенім болса да, цифрлық сыйлық той қонақтарының қызығушылығы мен таңданысын тудырды.

Геймерлік артефакт тек цифрлық әлемде болғанымен, оның құндылығы көптеген дәстүрлі материалдық сыйлықтардан асып түсті.

Той қатысушылары пышақты табыстау сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті. Ролик тез таралып, ойыншылар мен қолданушылар арасында қызу талқылауға себеп болды.

Сондай-ақ оқыңыз