Lifestyle

Цензураға ұшыраған «Ауру» фильмі үш күнде 517 млн теңге жинады

Ауру фильмі
фото: Freedom Ticketon

Freedom Ticketon мәліметінше, 13–16 қараша аралығындағы кинопрокатта отандық «Ауру» фильмі көш бастап, алғашқы аптаның өзінде 517,4 млн теңге көлемінде табыс жинады.

Екінші орында америкалық экшн-франшизаның жалғасы «Иллюзия обмана 3», төрт күн ішінде 420 млн теңге табыс тапты. Үштікті «Жездуха Кореяда» комедиясы жалғастырып, 182,3 млн теңге жинады. Алдыңғы аптада «Жездуха» 433 млн теңге жинаған еді.

Қазақстандық көрермендер арасында қызығушылық тудырған басқа да фильмдер тізімі төмендегідей:

4. «Алло» – 137,9 млн т
5. «Хищник: Планета смерти» – 98,7 млн т
6. «Бегущий человек» – 27,6 млн т
7. «Кролецшы и Сурок Времени» – 11,8 млн т
8. «Ыстық ұя» – 9,1 млн т
9. «Өкініш баласы» – 8,2 млн т
10. «Яга на нашу голову» – 7,1 млн т

«Ауру» – қоғамда ерекше қызығушылық тудырған фильм

Көпшілік көрермен фильмде халықтың кредитке батуы, жалған сөйлеу, жалған ақпарат тарату, дүниеқоңыздық тәрізді мәселелерді көтергенін айтады. Ал енді біреулер фильмдегі бейәдеп сөздер, зорлық-зомбылық, қан тым көп деген сын да айтты.

Айта кетейік, фильм қазір барлық кинотеатрда көрсетіліп жатыр, бірақ премьера күні цензураға ұшырап, сеанстары тек түнгі 22:00-ден кейін көрсетілетін болды. Ал аудиториясы 21+ деп шектелді. Соған қарамастан сұраныстың жоғары болғанын байқауға болады.