Доллар 520 теңгеден арзандады

Жарияланды 18 Қараша 2025 22:59

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
доллар теңге валюта
Доллар 520 теңгеден арзандады / shutterstock

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық 18 қарашада бір АҚШ доллары үшін 519,81 теңге (күніне -2,39 теңге) белгісімен аяқталды, деп хабарлайды KASE.

Бір күнде ең жоғары бағам бір доллар үшін 522,99 теңгені, ал орташа алынған бағам – 520,88 теңгені құрады. Барлығы 243,9 млн (- $18,6 млн) сомасына 754 мәміле жасалды.

Ұлттық валютаны нығайту қыркүйек айының соңынан бастап, бағам бір доллар үшін 549 теңгені құраған кезде жалғасуда. Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының неліктен тұрақты болып тұрғанын айтқан еді.

Биыл қыркүйекте доллар «псохологиялық меже» – 550 теңгеден асты. Осы ретте Halyk Finance сарапшылары 2025 жылдың соңына қарай доллар бағамы 550 – 560 теңгеге жетеді, ал 2026 жылы бір доллар үшін 610 теңге болуы мүмкін деп болжаған.

Алайда қазан-қараша айларында доллар қайта арзандап, 525 теңгеге дейін түсті . 14 қарашада Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 523,1 теңгеден саудаланып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз