Дональд Трамп Ақ үйде Криштиану Роналдуны қабылдайды

Аты аңызға айналған португалиялық футболшы Криштиану Роналду сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездеседі. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады.
Бұған дейін Роналду 47‑ші президентпен кездесу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан. Соңғы жылдары футболшының АҚШ-қа жолы түспеген. 2017 жылдан бері Криштиану елге кірмеген, себебі Кэтрин Майорга 2009 жылы Лас-Вегаста болған оқиғаға байланысты Роналдуды зорлық жасады деп айыптап, сотқа жүгінген болатын.
Дегенмен, 2019 жылы жергілікті прокуратура Роналдуға тағылған айыптарды негізсіз деп таныды, ал 2023 жылы футболшы қайталанған істің нәтижесінде ақталды.
Сондай-ақ, 2025 жылғы қараша айында Португалия құрамасы Әлем чемпионатының 2026 жылғы іріктеу кезеңінде Арменияны 9:1 есебімен жеңіп, турнирге қатысу құқын қамтамасыз етті. Роналду бұл ойында дисквалификацияға байланысты қатысқан жоқ.
Футболшы қараша айында өзінің соңғы Әлем чемпионатына қатысатынын растады. Турнир 2026 жылы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.