Алғабас ауылындағы өрттен аман алған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жансақтау бөліміндегі үш адамның жағдайы ауыр/фото: shutterstock

Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы өрттен аман алған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, үшеуінің де жағдайы ауыр.

«Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында», – деп хабарлады мамандар.

Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді.

18 қараша таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден 12 адамның мәйіті табылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Түркістан облысы полициясы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, үйде екі отбасы мүшелері – ата-анасы мен балалары болған. Өрт шығып, шатыр опырылып түскен.

Сондай-ақ оқыңыз