Түркістан облысында жанжал арты атысқа ұласты: бір адам қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Түркістан облысында атыс болды/фото: shutterstock

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тұрғын полиция оғынан қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, жергілікті тұрғын бұрынғы күйеуінің қару асынып келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғанын айтқан.

Полиция келген уақытта мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылған.

Полиция қызметкерлері талабына қарамастан, ер азамат бағынудан бас тартып, оқ жаудырып, полицейдің бірін жарақаттаған. Содан кейін полиция ауаға ескерту оғын атқан.

«Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамаған. Содан кейін полиция заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданған. Құқық бұзушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады полиция.

Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы Алғабас ауылында өрттен 12 адам қаза тапты. Полиция «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз