Жаңалықтар

Алғабас ауылындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды

пожар, Токаев, соболезнования
Өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды/фото: shutterstock

Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында өрттен зардап шеккендердің аты-жөні жарияланды.

Үй иесі – 34 жастағы Шойбеков Дәурен Талғатбекұлы. Қайтыс болды.

Үй иесінің әйелі – 31 жастағы Динара Амантурдиева. Қайтыс болды.

Үй иесінің анасы – 61 жастағы Гүлжамилә Турегелдиева, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ерлі-зайыптының қызы – Талғатбек Дана Дәуренқызы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының қызы – Талғатбек Асия Дәуренқызы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының қызы – Талғатбек Алуа Дәуренқызы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының ұлы – Талғатбек Әлихан Дәуренұлы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының ұлы – Талғатбек Әмірхан Дәуренұлы. Қайтыс болды.

Екінші отбасы, үй иесінің аға-жеңгесінің отбасы.

Үй иесінің ағасы – Шойбеков Олжасбек Талғатбекұлы, жансақтау бөлімінде жатыр.

Әйелі – 35 жастағы Маржан Өмірзақова. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының қызы – Талғатбек Жансая Олжасбекқызы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының ұлы – Талғатбек Ассабур Олжасбекұлы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының ұлы – Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы. Қайтыс болды.

Ерлі-зайыптының қызы – Талғатбек Жасмин Олжасбекқызы, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ерлі-зайыптының қызы – Талғатбек Раяна Олжасбекқызы. Қайтыс болды.

12 адам қаза тапты

18 қараша таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден 12 адамның мәйіті табылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Түркістан облысы полициясы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, үйде екі отбасы мүшелері – ата-анасы мен балалары болған. Өрт шығып, шатыр опырылып түскен

Аман қалған үш адам – екі ересек және бір бала медициналық мекемелерге жеткізілді. Барлығы жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр