Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде 9 бала бар

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайтыс болғандардың ішінде тоғыз бала бар/фото: shutterstock

Түркістан облысындағы Алғабас ауылында өрттен 12 адам қаза тапты. Ішінде тоғыз бала бар.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 18 қараша таңертең «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үй толық өртеніп жатқан.

«Үй ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды», – делінген ақпаратта.

Көршілерінің айтуынша үй иелері той өткізген, үйде қонақтар болған.

Қайғылы жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтағы мамандар барлық қажетті қолдауды көрсетететін мәлімдеді.

Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз