
«Курсив» басылымының Алматы полициясы «Фридом Финанс» брокерлік компаниясына қатысты «КазТАГ» агенттігі таратқан жалған ақпарат туралы қылмыстық істі тергеу барысын созып, кедергі келтіріп жатқаны туралы жариялымынан бері 10 күн өтті.
«Фридом Финанс» компаниясының мүддесін қорғайтын заңгер Александр Камендровский компания 7 қарашада Бас прокурор Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Алматы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді сұрап, арызданғанын хабарлады. 10 күн ішінде құқық қорғау органдары тарапынан жауап болмаған.
Бүгін, 18 қарашада адвокат Александр Камендровский осы жайтқа қатысты «Курсивке» пікір білдірді.
«Біз әділдікке жету үшін шағымданып жатырмыз. Органдар шешім қабылдауға қиналады, ал агрессорлармен заң бойынша күресу керек. Мен жұмыс істемейтін заң – жаман заң деп санаймын, заң тәртіпті қамтамасыз етуге тиіс. Жала жабу мен «қара пиар» жүргізуге болмайды, бұл кез келген басқа қылмыс сияқты жаман іс», – деді ол.
Александр Камендровский аталған іс бойынша зерттелуге тиіс дәлел көп екенін жеткізді.
«Бұл ақпарат жала екенін дәлелдейтін барлық құжаттық растама бар, оның ішінде халықаралық арналар арқылы алынғандары да бар. Атап айтқанда банктердің, брокерлердің, корреспонденттердің жазбалары және басқа көптеген құжаттар», – деді ол.
2025 жылдың көктемінде басталған PR шабуыл
2025 жылдың сәуірінде КазТАГ агенттігі «Фридом Финанс» компаниясына қатысты «алданған салымшылар» туралы бірнеше мақала жариялаған, олар брокерлік компанияны инвестициясын жоғалтуға кінәлап, айыптаған.
Оған жауап ретінде «Фридом Финанс» алаяқтыққа қатысты айыптау жалған екенін айтып, оны ұйымдастырылған PR-кампанияның бөлігі екенін мәлімдеген. Ресми өкілдердің айтуынша, кампанияның мақсаты – брокердің заңсыз «соттан тыс келісім» схемасына қатысудан бас тартқаны үшін қысым көрсету.
Алматы полициясының құлықсыздығы
Александр Камендровскийдің айтуынша, Алматының полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Ж. Капарова, «КазТАГ» ЖШС және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Іс қозғауға «Фридом Финанс» компаниясының іскерлік репутациясын бұзу және заңды қызметін тұрақсыздандыру мақсатында жарияланған материалдар негіз болған. Тәуелсіз кешенді сараптама материалдарда айқын жалған ақпарат барын анықтады, ол компанияға және оның акционеріке зиян келтірген.
Адвокат тергеу тарапы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабын өрескел бұзып отырғанын мәлімдеді. Бұл бап тергеуді толық, жан-жақты және объективті жүргізуге міндеттейді. Оның орнына пассивтілік пен құлықсыздық байқалады: қажетті процестік шешімдер қабылданбайды, жалған ақпарат таратқандардың статусы анықталмаған, ал заң бойынша белгіленген тергеу әрекеттері не жүргізілмейді, не формалды жауаптармен ауыстырылады.
Оның айтуынша, тергеуді әдейі созу ақылға қонымды мерзімнен асып, Қазақстанның қаржы жүйесіне және реттеушілерге деген сенімді бұзу мақсатымен ақпараттық алаңды қолданушыларға қол болып тұр.
«Тергеу органдарының әрекетсіздігі барлық адамдар заң алдында тең деген конституциялық принципке қайшы келеді әрі қоғамның әділет жүйесіне деген сенімін әлсіретеді. Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің орнына, заңды әрі ашық жұмыс істейтін қаржы нарығының қатысушысы бірнеше жыл бойы жалаға қатысты қарапайым әрекет етуді талап етуге мәжбүр, – деп атап өтті Камендровский.
Александр Камендровский Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне арыз жолдап, Алматы полиция департаментіне тергеудің толық кешенін жүргізуді міндеттеуін сұрап отыр. Ол төмендегідей талап қойған:
- Ж. Капарова мен «КазТАГ» агенттігі өкілдерінен заңда белгіленген тәртіппен жауап алу;
- Даулы жарияланымдардың түпнұсқаларын тәркілеп, іс материалдарына қосу, сондай-ақ олардың таратылуы туралы деректерді алу.
- Жарияланымдардың дереккөзіне техникалық сараптама тағайындап, жалған ақпаратты таратқан нақты тұлғаларды анықтау.
Сондай-ақ адвокаттың қосымша талаптары бар:
- Жалған ақпарат таратқан барлық тұлғалардың процессуалдық статусын анықтау;
- Кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім шығару;
- Қызметтік міндеттерін орындамаған полиция қызметкерлеріне прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану;
- Тергеуді қадағалаушы органдардың ерекше бақылауына алу.
Камендровский «Фридом Финанс» компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң ұстанатынын бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы ретінде лицензиясы барын әрі елдің ірі жеке брокерлерінің қатарына кіретінін атап өтті. Халықаралық аренада «Фридом Финанс» Қазақстанды ашық әрі сенімді қаржы институты ретінде таныстырып, мемлекетттің инвестициялық репутациясын нығайтуға үлес қосып келеді.